Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада "Жасөспірім" ЖПІШ барысында 350-ден астам құқық бұзушылық анықталды

Астанада "Жасөспірім" ЖПІШ барысында 350-ден астам құқық бұзушылық анықталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Астана қаласында 10 сәуір мен 6 мамыр аралығында өтетін республикалық "Жасөспірім" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру және ата-аналар мен заңды өкілдердің жауапкершілігін күшейту мақсатында бірқатар шаралар жүзеге асырылуда.

Іс-шара барысында полиция қызметкерлері, білім беру жүйесінің өкілдері және қоғам белсенділері бірлесіп, оқу орындарында, көшелерде, саябақтарда және жастар көп жиналатын басқа да орындарда профилактикалық жұмыстар жүргізуде. Жалпы гарнизондық сапқа тұрғызу ұйымдастырылып, жас жол инспекторларының, волонтерлердің, прокуратура өкілдерінің және жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен рейдтік іс-шаралар өткізілуде.

Іс-шара нәтижесінде полиция қызметкерлері кәмелетке толмағандар жасаған 350-ден астам әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Сонымен қатар көңіл көтеру орындары — дәмханалар, интернет-клубтар, кинотеатрлар және басқа да демалыс орындары тексерілуде. Қаладағы білім беру мекемелерінде жасөспірімдердің құқықтық мәдениетін және жауапкершілігін қалыптастыруға бағытталған 250-ден астам профилактикалық дәріс ұйымдастырылды.

Астана қаласының полиция департаменті тұрғындарды балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіздігіне ерекше назар аударуға шақырады. Ата-аналар мен заңды өкілдер өз балаларының қайда жүргенін, кімдермен араласатынын және қандай ортада болатынын қадағалап, олардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға үлес қосуы қажет.

Елорда тәртіп сақшыларының айтуынша, "Жасөспірім" жедел-профилактикалық іс-шарасы жыл соңына дейін жалғасады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру