Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада жазасын өтеушілер қазақтың ұлттық ойынын ойнады

Астанада жазасын өтеушілер қазақтың ұлттық ойынын ойнады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың жазасын өтеу кезеңінде тәрбие жұмысының негізгі міндеті – оларды түзету, адамға, қоғамға, қоғам нормаларына, ережелері мен дәстүрлеріне құрметпен қарауды қалыптастыру, олардың мәдени деңгейін арттыру.

Сотталғандарды түзету барысында рухани және адамгершілік тәрбие үлкен рөл атқарады, олардың жеке басының жағымсыз қасиеттерін түзетуге деген ұмтылысын қалыптастырады. Осы бағытта тәрбие жұмысына жәрдемдесу үшін елордалық ҚАЖД-ға қарасты №64 мекемеде әртүрлі іс-шаралар өткізіліп тұрады.

Шаруашылық қызмет көрсету жасағының сотталғандары қазақтың ұлттық ойындарының бірі – асық ойнады. Мұндай рухани тәрбие сотталғандарға дүниетанымын, құндылық бағдарларын өзгертуге, адамгершілік мінез-құлқының маңыздылығын арттыруға көмектеседі. Бұл жазаны өтеуден кейін әлеуметтік бейімделу процесіне оң әсер етеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру