Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада жедел-іздестіру қызметі туралы заңнаманы жетілдіру мәселесі талқыланды

Елордада Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Әленовтың төрағалығымен "Қазақстан Республикасындағы жедел-іздестіру қызметі туралы заңнаманы жетілдіру: проблемалар, халықаралық тәжірибе және дамудың келешегі" тақырыбында ғылыми-практикалық конференция өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Конференцияға Президент Әкімшілігінің, Үкімет Аппаратының, Сот әкімшілігінің, Бас прокуратураның өкілдері, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің, Қаржы мониторингі агенттігінің, ІІМ және прокуратураның ведомстволық академияларының басшылығы, ғалымдар мен қоғам қайраткерлері қатысты.

Конференцияның мақсаты - адамның өмірін, денсаулығы мен мүлкін қорғауға бағытталған конституциялық құқықтарын сақтаудың тиімді құралдарын әзірлеу.

Сөз сөйлеушілер жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізудің қалыптасқан тәжірибесін, озық халықаралық тәсілдерді, сондай-ақ осы қызметті жетілдірумен байланысты, оның ішінде киберқылмысқа қарсы іс-қимыл жөніндегі ұсыныстарды қарады.

Отырысқа қатысушылар Ішкі істер министрлігі жүргізіп жатқан жұмыстың өзектілігін атап өтіп, одан әрі өзара іс-қимылға дайын екендіктерін айтты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру