Астанада жеті бөтелке алкоголь ұрлаған тұрғын видеоға түсіп қалды
Астанада жеті бөтелке алкоголь ұрлаған тұрғын видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Астана қаласы Байқоңыр аудандық криминалдық полиция қызметкерлері ірі сауда үйлерінің бірінде орын алған ұрлық дерегін әшкерелеп, күдіктіні қолға түсірді.
Тергеу барысында 47 жастағы ер адамның дүкен сөресінен алкогольдік ішімдіктің жеті бөтелкесін жасырын алып кеткені, кейін оларды өзі тұтынғаны анықталды.
Қылмыстық әрекет бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Жедел іс-қимылдың нәтижесінде құқық бұзушы полицейлердің қолына түсті.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Астана қалалық полиция департаменті азаматтарға ескертеді: қоғамдық тәртіпті бұзу мен бөтеннің мүлкін иемдену — заңға қайшы әрекет және ол қылмыстық жауапкершілікке әкеледі. Әрбір құқық бұзушылық дерегі полицияның жіті бақылауында.