Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада жеті жылға көлік басқару құқығынан айырылған мас жүргізуші ұсталды

Астанада жеті жылға көлік басқару құқығынан айырылған мас жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Мас жүргізуші – қылмыскер” жергілікті рейдтік іс-шарасын өткізу кезінде елордалық полицейлер Toyota camry автокөлік жүргізушісін анықтады. Ол осы жылдың наурыз айында сот шешімімен жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылған.

Түнде мас жүргізуші басқарған көлікті полиция қызметкерлері сауда үйінің тұрағында тоқтатты. Көлік басқару құқығынан айырылғанына қарамастан, 32 жастағы ер адам мас күйінде көлік жүргізген.

Аталған факті бойынша тәртіп бұзушы одан әрі талқылау және іс жүргізу шешімін қабылдау үшін полицияға жеткізілді.

Медициналық куәландыруға сәйкес, жүргізуші жеңіл ауырлықтағы мас күйінде көлікті басқарған. Қазіргі уақытта құқық бұзушыға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

“Мас жүргізуші – қылмыскер” жергілікті рейдтік іс-шарасы аясында үш тәулік ішінде елордада 22 мас жүргізуші ұсталды, олардың ішінде бұрын көлікті басқару құқығынан айырылған және мас күйінде басқарған 5 жүргізуші бар. Коммуналдық тұраққа 23 автокөлік қойылды.

Астана қаласының полиция департаменті автокөлік иелеріне жол ережелерін сақтауды және көлік құралын мас күйінде немесе көлік құралын басқару құқығынсыз жүргізбеуді ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру