Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада жоғалған банк карточкасымен рұқсатсыз сауда жасалды

Астанада жоғалған банк карточкасымен рұқсатсыз сауда жасалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Елордада супермаркеттердің бірінде Kaspi банк карточкасын жоғалтып алған әйел адам полиция қызметкерлеріне хабарласты.

Ол ұялы телефонындағы «Kaspi.kz» қосымшасы арқылы ақша алынғанын айтты.

Алматы ауданы ПБ қызметкерлері жедел іздестіру іс шаралары барысында 44 жасар ер адамды анықтады.

Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді.

Астана қалалық полиция департаменті азаматтардан заттары қараусыз қалған немесе жоғалған жағдайда дереу полицияның «102» нөміріне хабарласуын сұрайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру