Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада жол қауіпсіздігін елемеген жүк көлігінің жүргізушісі анықталды

Астана маңайында арнайы төсенішсіз топырақ тасымалдаған жүк көлігінің жүргізушісі анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

"Заң және тәртіп" қағидаты шеңберінде елордалық полиция жол қауіпсіздігіне бақылауды күшейтті. Қазіргі таңда профилактикалық іс-шараларды тұрақты түрде жүргізіп келеді.

Полицейлер Астана маңындағы "Күйгенжар" стационарлық бекетінде Sinotruk Howo жүк көлігін тоқтатты. Көлік жүргізушісі топырақты арнайы төсенішсіз жаппай тасымалдаған. Жүргізушінің бұл әрекеті  жол қозғалысы қауіпсіздігіне қатер төндірген. Жүргізуші жүк тасымалдау талаптарын сақтамағаны үшін тиісті полицейлер шара қолданды, мемлекеттік тіркеу нөмірі алынды. Жүргізуші жауапқа тартылды.

Сонымен қатар жолаушылар автокөлігін тексеру барысында жолаушыларды тиісті санаттағы жүргізуші куәлігінсіз тасымалдап жүрген автобус жүргізушісі анықталды. Ол да әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру