Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада жол қозғалысы ережелерін бұзған мопед жүргізушілері ұсталды

Астанада жол қозғалысы ережелерін бұзған мопед жүргізушілері ұсталды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Өткен демалыс күндері елордада полицейлер рейдтік іс-шаралар аясында мопед жүргізушілері арасында жол қозғалысы ережелерін бұзуды анықтауды жалғастырды.

Биылғы сәуір айынан бастап мопедтер ресми түрде механикалық көлік құралдарына теңестірілді. Осы кезеңнен бері Астанада мопед жүргізушілері тарапынан 1329 құқық бұзушылық тіркелген. Соның ішінде, жүргізуші куәлігінсіз мопед басқарғаны үшін 232 адам, ал мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерінсіз жүргені үшін 106 адам ұсталды.

Мысалы, жақында Қабанбай батыр даңғылы бойында өткен рейд барысында полицейлер мопедті мемлекеттік нөмірсіз және жүргізуші куәлігінсіз жүргізіп келе жатқан ер адамды тоқтатты.

Аталған азаматқа қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, мопед арнайы коммуналдық тұраққа қойылды.

Көбіне кездесетін бұзушылықтарға мыналар жатады: қауіпті маневр жасау – 94 дерек, жол белгілері мен сызықтарын сақтамау – 63, жолаушыларды тасымалдау ережелерін бұзу – 26 жағдай.

Полицейлер еске салады: мопедті басқару үшін тиісті санаттағы жүргізуші куәлігі мен көлік құралын мемлекеттік тіркеуден өткізу міндетті. Бұл талаптарды орындамаған жағдайда әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру