Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада жүргізуші куәлігін емтихансыз алып беремін деген күдікті қолға түсті

Астанада жүргізуші куәлігін емтихансыз алып беремін деген күдікті қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Есіл ауданының полиция қызметкерлері 30 жастағы Павлодар қаласының тұрғынын анықтады, ол ақшалай сыйақы үшін жүргізуші куәлігін алуды ұсынған.

Сөйтіп, полицияға елорда тұрғыны хабарласып, алаяққа 400 мың теңге бергенін айтқан. Ол интернеттен емтихансыз жүргізуші куәлігін алу туралы хабарландыру тауып алған. WhatsApp желісінде хат алмасу кезінде алаяқ жәбірленушіге жүргізуші куәлігін алуға көмектесетініне сендірген.    

Айласын асырып, ақшаны алғаннан кейін ол хабарламалар мен телефон қоңырауларына жауап беруді бірден тоқтатқан. Полицейлер күдіктіні анықтап, тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру