Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада жүргізуші куәлігін уәде еткен алаяқтыққа қатысы бар күдікті ұсталды

Астанада жүргізуші куәлігін алып беремін деп алдаған 23 жастағы азамат ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Астана қаласында Сарыарқа аудандық криминалдық полиция қызметкерлері жүргізуші куәлігін алып беремін деп уәде еткен 23 жастағы азаматты ұстады.

Тергеу барысында анықталғандай, күдікті таныстары арқылы жәбірленушімен байланысып, белгілі бір ақшалай сыйақыға жүргізуші куәлігін ресімдеп беремін деп сендірген.

Алайда уәдесін орындамай, алынған ақшаны жеке қажетіне жұмсаған. Жәбірленушіге келтірілген материалдық шығын 380 мың теңге көлемінде бағаланып отыр.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Астана қаласының полиция департаменті азаматтарды бейтаныс тұлғалардың уәделеріне сенбеуге және мемлекеттік қызметтерді тек ресми тәртіппен алуға шақырады

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру