Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада жылы аялдамаға зақым келтірген тұрғын анықталды

Астанада жылы аялдамаға зақым келтірген тұрғын анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Патрульдеу барысында полиция қызметкерлері қалалық инфрақұрылымға зиян келтіру дерегін анықтады. Ахмет Байтұрсынұлы көшесінде орналасқан жылы аялдаманың есігінің әйнегі сынған.

Тексеру барысында екі ер адам арасында жанжал болғаны белгілі болды. Олардың бірі аялдамадан шығып, бөтелкені алып, есіктің әйнегін әдейі ұрып сындырғаннан кейін оқиға орнынан бой тасалаған.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері 35 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Құқық бұзушыға қатысты іс қозғалды. Сот шешімімен оған 15 тәулікке әкімшілік қамауға алу түріндегі жаза тағайындалды.

Сонымен қатар келтірілген материалдық шығын заңнамада белгіленген тәртіппен өтелетін болады.

Полиция азаматтарды қоғамдық мүлікке ұқыпты қарауға және кез келген құқыққа қарсы әрекет заңда белгіленген жауапкершілікке әкеп соғатынын ескеруге шақырады. Қалалық инфрақұрылымды сақтау — баршамыздың ортақ міндетіміз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру