Астаналық азамат дүкендерде өзгенің жоғалған картасымен төлем жасаған
Астаналық азамат дүкендерде өзгенің жоғалған картасымен төлем жасаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Елорда тұрғыны 53 мың теңгеден астам сомаға сатып алу туралы хабарлама алған кезде банк картасының жоғалғанын анықтаған.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері жоғалған банк картасы арқылы заңсыз сауда жасаған қаскүнемді анықтады.
Ер адам картаны ауладан тауып алып, оны дүкендерде төлем жасау үшін пайдаланбақшы болғаны белгілі болды.
39 жастағы ер адам мойындау көрсетпелерін берді.
Астана қаласының полиция департаменті азаматтарға өздерінің банк карталарына ұқыпты қарау қажеттігін ескертеді және жоғалған жағдайда оларды дереу бұғаттауды ұсынады. Бұл қаржылық шығындардың алдын алуға және қаражатты заңсыз пайдаланудан қорғауға көмектеседі.