Астаналық азамат суды тазарту аппаратынан ақша ұрлап кетті
Астаналық азамат суды тазарту аппаратынан ақша ұрлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Елордада полицияға жеке кәсіпкердің ұрлық фактісі туралы арызы келіп түсті. Өтініш берушінің айтуынша, оң жақ жағалаудағы көшеде орналасқан оған тиесілі су тазартқыш аппаратынан ақша ұрланған. Шығын сомасы шамамен 100 мың теңгені құрады.
Жедел-іздестіру іс-шаралары аясында Сарыарқа ауданының криминалдық полиция қызметкерлері күдікті адамды анықтады. Ол 39 жастағы азамат болып шықты. Ол еркін қол жеткізу арқылы суды тазарту құрылғысын ашып, ақшаны жасырын ұрлап кеткен.
Қылмыс бейнебақылау камералары арқылы анықталды.
Ер адам мойындау көрсетпелерін берді. Қаскүнем ақша қаражатын өз қажеттіліктеріне жұмсап үлгерген.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс тіркелді.