Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астаналық полицейлер аялдамаларға зақым келтірген ер адамды анықтады

Астаналық полицейлер аялдамаларға зақым келтірген ер адамды анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Елордада қоғамдық тәртіпті бұзу мен бұзақылық әрекеттердің алдын алу жұмыстары үзіліссіз жүргізіліп жатыр.

Атап айтқанда, Тілендиев даңғылы мен оған іргелес жатқан көшелердің бойында 4 жабық үлгідегі аялдамалардың зақымдану фактісі анықталған. Ондағы келтірілген шығын 500 мың теңге шамасында бағаланып отыр.

Кінәлі тұлғаны анықтау үшін тәртіп сақшыларының жедел іздестіру іс-шаралары барысында, сондай-ақ бейнебақылау камераларының көмегімен полицейлер заңсыз әрекеттерге қатысы бар деген күдікпен ер адамды анықтады. Ол, 33 жастағы елорда тұрғыны болып шықты. Аталған азамат бірден полиция бөліміне жеткізілді.

Қазіргі уақытта орын алған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабының 1-бөлігі (Бұзақылық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру