Астана полицейлері мешітте аяқ киім ұрлауға қатысы бар ер адамды анықтады
Астана полицейлері мешітте аяқ киім ұрлауға қатысы бар ер адамды анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Елорда мешіттерінің бірінде күндізгі намаз уақытында ер адам қолайлы сәтті пайдаланған. Ол ішке кіріп, аяқ киім сөрелері тұрған залды аралап жүрген. Куәгерлердің жоқтығына көз жеткізгеннен кейін, қаскүенем сөреде тұрған кроссовканы алып, добрасына салып, кетіп қалған.
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Есіл ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері ұрлыққа қатысы бар 54 жастағы ер адамды анықтады.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Астана қаласының полиция департаменті азаматтарды мешіттер мен шіркеулер сияқты адамдар көп жиналатын жерлерде өздерінің жеке заттарына мұқият болу қажеттігі туралы ескертеді.