Астаналық полицейлер өрт сөндіру түтігін ұрлаған азаматты ұстады
Астаналық полицейлер өрт сөндіру түтігін ұрлаған азаматты анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Астана қаласы Есіл ауданы ПБ-ның полицейлері өрт сөндіру түтіктерін ұрлаумен айналысқан 33 жастағы ер адамды анықтады.
Тергеу барысында белгілі болғандай, ер адам түнгі уақытта Мұхамедханов көшесіндегі тұрғын үйдің подъезіне кірген. Баспалдақпен ешкімге байтқатпай көтеріліп, арнайы орында сақталған өрт сөндіру түтігін қрлап кеткен. Ұрланған тауарды базарға апарып сатып жіберген.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, оның елордада жасалған осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.