Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астаналық полицейлер тұрғынның телефонын тартып алған азаматты ұстады

Астаналық полицейлер тұрғынның телефонын тартып алған азаматты ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияға қала тұрғыны түнгі уақытта көшеде белгісіз адам келіп, телефонын алып кеткені туралы арызбен жүгінген. Жәбірленушінің айтуынша, белгісіз ер адам қасына таяп, «қалтаңда не бар шығыр»- деп қоқан-лоқы көрсетіп, оның сөйлеуіне де мұрша бермей жұдырық жұмсап, Samsung A-51 телефонын иемденіп, оқиға орнынан ізін суытқан.

«Құқықтық тәртіп» жедел профилактикалық іс-шарасы және жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізу барысында Нұра ауданы ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері аталған оқиғаға қатысты деген күдіктіні анықтады.

Белгілі болғандай күдікті азамат бұрын сотталған 26 жастағы қала тұрғыны болып шыққан. Осы факті бойынша ҚР ҚК 191-бабымен (Тонау) сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Ер адам Астана қаласы ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол кінәсін мойындап, оның қала аумағында жасалған басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру