Астаналық полицейлер зейнеткердің телефонын ұрлап кеткен күдіктіні қолға түсірді
Астаналық полицейлер зейнеткердің телефонын ұрлап кеткен күдіктіні қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полицияға 69 жастағы қала тұрғыны арыз беріп, бейтаныс адам оның құны 120 мың теңге тұратын Xiaomi-12 Lite телефонын алып кеткенін айтқан.
Кешкі уақытта қарт кісі таза ауаға шығып серуендеп жүргенде көшеде өтіп бара жатқан адам зейнеткерге жақындап, онымен сөйлесіп, қоңырау шалу үшін телефонын бере тұруды өтінген. Нөмірді теріп жатқандай кейіп танытқан бейтаныс адам тұрған жерінен телефонды алған күйі қарқынын тездетіп, қашып кеткен.
Жедел-іздестіру шаралары барысында Нұра аудандық ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері қарақшылық шабуылға қатысы бар деген күдікпен 20 жастағы Көкшетау қаласының тұрғынын ұстаған.
Тергеу барысында жігіт екі күн бұрын тағыда адвокат кеңсесіне телефон ұрлап кеткені белгілі болған. Анықталғандай таңертең ерте кабинетке кіріп, қызметкерді әңгімеге алаңдатып, телефонды жасырын ұрлап кеткен.
Қазіргі уақытта аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, оның елордада жасалған осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.