Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астаналық сақшы қызметінің қыр-сырымен бөлісті

Астаналық сақшы қызметінің қыр-сырымен бөлісті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тулматов Мадияр – полиция капитаны, спортшы, көпбалалы әке және қоғамның қауіпсіздігі үшін қырағы қызмет сабында жүрген полиция қызметкері. 

Мадияр 1990 жылы Түркістан қаласында дүниеге келген. Ол бала кезінен қылмыстарды ашатын, әділдікті сақтайтын маман болуды армандап өскен. Мектеп жасында спорттан жоғары нәтижелер көрсетіп көзге түскен баланың бірі болған. Бокс спорт түріне қызыққан ол, аудандық, қалалық, облыстық жарыстарға қатысып жүлделі орындарды иеленіп, спорт шеберіне үміткер атанып та үлгерген.

Мектепті бітірген соң, Түркістан қаласындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіне оқуға түсіп, “Құқықтану” мамандығы бойынша білімін шыңдаған. 

Алғашқы қызмет жылдарын 2015 жылы Ақтөбе қаласынан бастаған Мадияр, бүгін еліміздің астанасында Алматы аудандық полиция басқармасының жедел криминалистикалық бөлімінде қызметін жалғастыруда. Оның басшылығымен көптеген күрделі қылмыстар ашылып, түрлі тәртіпсіздіктердің алдын алу шаралары жүзеге асырылды.

– Мықты полиция қызметкері болу үшін, ең бірінші қызметіне аса жауапкершілікпен қарап, өз елін сүю керек. Жұмыста күнім өтсе болды деп жүре беру дұрыс емес, етікші болсаңда, жақсы етікші болу қажет, – деп өз ұстанымымен бөлісті.

Тулматов Мадиярдың ең басты мақтанышы – оның отбасы. Ол және оның жары Бағила төрт бала тәрбиелеп отыр. Балаларының тәрбиесіне үлкен мән беретін Мадияр, олардың да әділдік пен адалдықты бағалауын қалайды.

Ол жұмысынан бос уақытын отбасымен өткізіп, арасында спортпен шұғылданғануды да қалыс қалдырмауды ұнататын азаматтың бірі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру