Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астаналық сақшылар велосипед ұрлауды кәсіпке айналдырған азаматты анықтады

Астаналық сақшылар велосипед ұрлауды кәсіпке айналдырған азаматты анықтады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы аудандық ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында велосипед ұрлаумен айналысқан 25 жастағы ер адамды анықтады.

Тергеу барысында күдікті тұрғындардың екі доңғалақты көліктерін подъездерге қалдыратынын біліп, өзінің қылмыстық ниетін іске асырмақ болып, үйлерді айналып оңтайлы сәтті іздегені белгілі болған. Ол сағат 17:00 шамасында Молдағұлова көшесіндегі үйдің ашық тұрған есігін пайдаланып, подъезге кіріп, Фрейк  велосипедін ұрлап кеткен.

Келесі күні таңертең де, дәл осылай Байсейітов көшесіндегі үйдің кіреберісіне кіріп, баспалдаққа сүйеп қойған велосипедті алып шыққан. Күдікті ұрланған велосипедтерді сатып жіберген.

Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оның елордада жасалған осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталып жатыр.

Ер адам кінәсін мойындап, заттай айғақтар тәркіленді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру