Астаналық тұрғын дүкен сатушысының телефонын заңсыз иемденген
Астаналық тұрғын дүкен сатушысының телефонын заңсыз иемденген, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы ауданы полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері телефон ұрлады деген күдікпен 36 жастағы астаналық азаматты анықтады. Тергеу барысында ер адамның кешкі сағат 18:30 шамасында Әзірбаев көшесіндегі азық-түлік дүкеніне келгені белгілі болды. Ол кассадағы үстелдегі iPhone 13 телефонын байқаған.
Қылмыстық оймен күдікті сатушының жоқтығын пайдаланып, құны 643 мың теңге шамасында тұратын гаджетті жасырын алып кеткен. Ұрланған телефонды кездейсоқ адамға сатып жіберген.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қала тұрғыны мойындау көрсетпелерін берді, оның елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғына тексеру жүргізілуде.