Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астаналық тұрғын футбол алаңынан жасөспірімнің телефонын ұрлап кетті

Астаналық тұрғын футбол алаңынан жасөспірімнің телефонын ұрлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Балалар футбол ойнына айналғанда ер адам ұялы телефон ұрлап үлгерген. Сағат 19:00 шамасында Алматы көшесіндегі үйдің ауласында футбол алаңының жанынан өтіп бара жатқан 24 жастағы жігіт кәмелетке толмағандардың футбол ойнап жатқанын көреді. Балалардың ойынға араласа бастаған сәтін күткен ол, кәмелетке толмағанның сөмкесінен Samsung Galaxy A31 телефонын ұрлап, белгісіз бағытқа із-түзсіз тайып тұрған.

Ер адамды Есіл ауданы ПБ криминалдық полициясы анықтады.

Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оның елордада бұрын жасалған осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғына қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру