Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астаналық тұрғын полиция қызметкеріне алғыс білдірді

Астаналық тұрғын полиция қызметкеріне алғыс білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Азаматтардың қауіпсіздігі мен құқықтарын қорғау – құқық қорғау органдары жұмысының басты бағыты. Соның бір айғағы ретінде елордалық тұрғын Ирина Тельнова Астана қаласы полиция департаменті тергеу басқармасының бастығы Нұрлан Мусанбековке шынайы алғысын білдірді.

Өз хатында ол қиын жағдайда көрсетілген көмек пен қолдау үшін ризашылығын жеткізді. Оның айтуынша, полиция полковнигінің тікелей араласуының арқасында тергеу қысқа мерзімде нәтижелі аяқталып, әділеттілік салтанат құрды.

– Маған қиын сәтте көрсеткен көмек пен қолдауыңыз үшін жүрекжарды алғысымды білдіремін. Сіздің кәсіби біліктілігіңіз бен жауапкершілігіңіз арқасында заңның жұмыс істейтінін көзім жетті. Бұл – әрбір азамат үшін үлкен сенім мен демеу. Сіз тек процесті басқарумен шектелмей, шынайы түрде адамдарға көмектесетініңізді дәлелдедіңіз, – делінген хатта.

Ирина Тельнова қарапайым адами ризашылығын білдіріп қана қоймай, полковниктің бейжай қарамай, азаматтардың мәселесін шешуге шын көңілмен күш салатынын ерекше атап өтті.

Полиция департаменті атап өткендей, әрбір өтінішке мұқият қарау – тәртіп сақшыларының басты қағидаты. Құқық қорғау органдары азаматтардың сенімін ақтау үшін барлық қажетті шараларды қабылдауды жалғастыруда.

Бұл оқиға – қоғам мен полиция арасындағы өзара сенімнің арта түсуіне үлгі боларлық жағдай. Әрбір азаматтың пікірі мен алғысы тәртіп сақшылары үшін үлкен жауапкершілік жүктейтіні сөзсіз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру