Астаналық тұрғын жалға алған пәтерін тонап кеткен
Астаналық тұрғын жалға алған пәтерін тонап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.
53 жастағы елорда тұрғыны бөлмесін жалға берген, алайда жалдаушы із түзсіз жоғалған. Оның үш-төрт күн жалдамалы бөлмеге келмегенінен күдіктенген үй иесі, бөлмені тексеругенде, іші бос екенін анықтады. Жалдаушы үй иесін ескертпей көшіп кетіп, өзімен бірге бөлмедегі телевизор мен басқа да жеке заттарын алып кеткен.
Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында полиция қызметкерлері 36 жастағы ер адамды анықтады. Жалдаушы үй иесін ескетрпей басқа жерге көшкені мәлім болды. Атқарылған жұмыстар нәтижесінде полицейлер күдіктінің ізіне түсіп, ұрланған телевизорды тауып, иесіне қайтарды.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлері, оның елорда аумағында орын алған осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар екенін анықтады.
Астана қаласы полиция департаменті тұрғын үйді жалға бергенде сақтық шараларын сақтау қажеттігін еске салады. Ұрлықтың алдын алу үшін, тараптардың пәтерде тұру шарттары мен қаржылық міндеттері нақты көрсетілген жазбаша жалға беру келісім шартын жасауды, сондай-ақ жалға алушының төдқұжатының мәліметтері мен байланыс ақпаратының деректерінің дұрыстығына көз жеткізуді ұсынамыз.