Астаналық тұрғындар полицейлерге алғыс айтты
Астаналық тұрғындар полицейлерге алғыс айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Елорда тұрғыны криминалдық полиция басқармасының қызметкері Арай Мусинаға өзінің үйлесімді және жедел жұмысы үшін алғысын білдірді. Полиция қызметкері автобуста болған телефонды ұрлау фактісі бойынша қылмыстық істі тез арада ашуға септігін тигізген. Жедел-іздестіру іс-шаралары аясында Арай Мусина телефонды тауып, иесіне қайтарды.
– Барлық жедел-іздестіру бөліміне өз істеріне деген адалдығы, кәсібилігі, көрсеткен көмегі үшін, ең бастысы біздің полицияға деген сенімді арттырғаны үшін алғыс айтамын! Әсіресе Арай Мусинаға телефонымды іздеу барысында маған хабарлап отырғаны үшін алғыс білдіргім келеді. Сіздер ең жақсысыздар, – деп жазылған алғыс хатта.
Криминалдық полиция басқармасының қызметкеріне тағы бір алғыс қала тұрғынынан келіп түсті. Әйелдің айтуынша ол белгісіз жағдайларда автобуста телефонын жоғалтып алған. Полиция қызметкері Айдос Акатов жедел-іздестіру іс-шаралары барысында автобустан телефонды тауып алған жолаушыдан гаджетті алып, жәбірленушіге қайтарып берген.
Өтініш беруші полиция қызметкерінің жұмысына риза болды.
– Мен екі ай бұрын телефонымды жоғалттым. Астана қаласы полиция департаментінің жедел-іздестіру бөлімінің қызметкері Айдос Акатов телефонды тауып, маған қайтарды. Мен бұл адамға өте ризамын. Ол өз ісінің маманы және өте жауапты полиция қызметкері, – деп жазды ол.