Астаналық тұрғыннан мефедрон тәркіленді
Астаналық тұрғыннан мефедрон тәркіленді, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Астана қаласында полиция қызметкерлері Сарайшық ауданының прокуратурасымен бірлесіп “Есірткіге қарсы кешенді шаралардың 30 күні” жедел алдын алу іс-шарасы барысында есірткі затын заңсыз сақтаған әйелді ұстады.
Кешкі уақытта аумақты патрульдеу кезінде тәртіп сақшылары эйфориялық күйде келе жатқан 27 жастағы қызды байқайды. Ол полицияны көрген бойда қашпақ болған. Алайда полиция қызметкерлері қуып жетіп, ұстады.
Тексеру кезінде оның күртесінің сол жақ қалтасынан мефедрон есірткі заты табылды. Күдікті есірткіні өз қажеттілігі үшін пайдаланбақ болғанын айтты.
Қазіргі уақытта ол қамауға алынды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Полиция азаматтарды есірткінің адам өміріне қауіпті екенін ескертіп, заңсыз айналымға және тұтынуға жол бермеуге шақырады.