Астаналық жеткіншек өзгенің телефонынан қоңырау соғуды өтініп, қашып кеткен
Астаналық жеткіншек өзгенің телефонынан қоңырау соғуды өтініп, қашып кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полицияға 39 жастағы қала тұрғыны Аманат көшесінде белгісіз біреу оның кәмелетке толмаған ұлына жақындап келіп, қоңырау шалуды өтініп, Орро телефонын тартып алғанын айтып, арызданған.
Алматы аудандық ПБ криминалдық полиция қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шаралары барысында кәмелетке толмаған 16 жастағы жасөспірімді құрықтады. Анықталғандай оның күндіз көшеде келе жатып, жас баладан қоңырау шалу үшін телефонын сұрап, смартфонын алған соң жас жігіт оны көпке дейін бермей, сөйлеп тұрғандай кейіп танытып, жүрісін тездетіп қашып кеткені белгілі болған. Гаджет иесі құқық бұзушыны қуып жете алмаған. Болған жайды ата-анасына жеткізген.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Кәмелетке толмаған азамат заңды өкілдеріне беріліп, ювеналды полиция қызметкерлері ерекше бақылауға алды. Оның елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар жоғы тексеріліп жатыр.