Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астаналық жоғалған телефонын тауып берген полицейлерге алғыс айтты

Астаналық жоғалған телефонын тауып берген полицейлерге алғыс айтты, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Астана қаласының тұрғыны елордалық полиция департаментінің жедел-іздестіру бөлімінің қызметкерлеріне алғыс сөздерін арнап, бейнежолдау жолдады.

Ол өз сөзінде полицейлердің жоғалған телефонын тауып бергенін атап өтті. Жас жігіттің айтуынша, ол автобус аялдамасында тұрған кезде, белгісіз біреу шалбарының артқы қалтасынан телефонын білдіртпей ұрлап кеткен. Біраз уақыттан соң құрылғы кенеттен өшіп қалған. Осыдан кейін ол дереу
полицияға жүгінді.

Тәртіп сақшылары бірден жәбірленушіден түсініктеме алып, жедел-іздестіру шараларын бастап кетті. Араға бірнеше сағат салып, жедел уәкілдер азаматпен қайта байланысып, ұрланған құрылғыны қайтарып берді. Полицейлердің жедел әрі үйлесімді жұмысының нәтижесінде ұрлық ізі суымай ашылды.

Бейнежолдау авторы полицейлердің тиімді жұмысына жоғары баға беріп, қызметтік міндеттерін адал атқарғаны үшін алғысын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру