Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астаналықтарды алдаған сервистік орталықтың техника жөндеушісі қолға түсті

Астаналықтарды алдаған сервистік орталықтың техника жөндеушісі қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияға қала тұрғыны сервис орталығының техника жөндеушісіне алданғанын айтып, арыз қалдырған.

Жәбірленушінің айтуынша, ақауы бар Samsung теледидарын қызмет көрсету орталығына тапсырған. Жөндеушімен шарттарды талқылап, жәбірленуші жөндеу жұмыстарына алдын ала төлем жасаған. Алайда маман тапсырысты орындамай, теледидар мен ақшаны да қайтармай із-түзсіз жоғалып, жәбірленушіге 319 мың теңге шығын келтірген.

Тағы бір оқиға бойынша ер адам 98 мың теңге алып, Samsung теледидарын иеленумен, клиентке 400 мың теңгеден астам материалдық шығын келтірген. Осылайша ол 7 азаматты алдап үлгерген.

Жедел іздестіру барысында Алматы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері алаяқтықпен айналысқан 37 жастағы қала тұрғынын анықтады. Ол бөтеннің техникасын кездейсоқ адамдарға сатып, ломбардтарға тапсырып та үлгерген.

Астана тұрғынына қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Ер адамның бұрын да дәл осындай жолмен елорда тұрғындарын алдап, алаяқтық жасағаны үшін сотталғаны анықталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру