Астаналықтарды көлік бөлшектерін арзан бағада сатамын деп алдаған алаяқ анықталды
Интернет-алаяқ астаналықтарды көлік бөлшектерін арзан бағада сатамын деп алдаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қостанай қаласының 34 жастағы тұрғыны мобильді қосымша арқылы азаматтарды алдап кеткен. Бұл сайтта бір әйел автокөлік бөлшектерін сату туралы хабарландырулар жариялаған. Онда көрсетілген бағалар нарықтағы бағадан әлдеқайда төмен болған. Күдікті әлеуетті сатып алушылармен хат алмасуды жүргізіп, тауарға алдын ала төлем жасауды ұсынған. Төлемнің бағасы 20-150 мың теңге аралығында болған. Бейтаныс бикешке сенген азаматтар ақшасын оның бірнеше банктік шотына аударып отырғаны белгілі болған.
Елордалық полицейлер жедел-іздестіру шаралары барысында Қостанай қаласында бірқатар алаяқтық жасаған күдіктіні ұстады. Тергеушілер тұрғылықты жерінен ноутбук, жеті телефон мен сим-карта тәркіледі. Бүгінге дейін полицияға алданып қалған 4 азамат хабарласқан, бірақ зардап шеккендер саны 30-ға жуық болуы мүмкін.
Әйелдің бұрын да осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды. Қазіргі таңда қылмыстық іс қозғалып, күдікті полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды.