Астрахан ауданында автокөлік жылқыны соғып кеткен
Астрахан ауданында автокөлік жылқыны соғып кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.
14 қаңтарда Астрахан ауданының полиция бөлімінің кезекші бөліміне Степное ауылының маңындағы Новочеркасское-Егіндікөл автожолында жол-көлік оқиғасы болғаны туралы телефон хабарламасы келіп түсті.
14 қаңтарда шамамен сағат 18:30-да Ford автокөлігінің 55 жастағы жүргізушісі Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны жылқыны соғып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан Егіндікөл аудандық ауруханасына Нұр-Сұлтан қаласының 57 жастағы тұрғыны Ford автокөлігінің жолаушысы медициналық көмекке жүгінді.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабымен (Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.