Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Асылбековтер әулеті: "Отанға қызмет – өмірлік парыз"

Қазақ елінің әрбір шаңырағында өзіндік дәстүр, қалыптасқан құндылықтар бар. Бірі білімге ұмтылса, бірі өнерге жанын салады. Ал Асылбековтер әулеті үшін Отанға қызмет ету – өмірлік парыз, рухани мұраға айналған қасиет, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл – жай ғана сөз емес, бұл – осы отбасының әрбір мүшесінің жүрегінде қалыптасқан, қанына сіңген қасиет. Полиция лейтенанты Мелдеханова Жансая Мыңбосынқызы, Жезқазған қаласы полиция басқармасының штаб инспекторы ретінде, осы отбасының жарқын жолын мақтанышпен жалғастырып келеді.

Асылбековтер әулетінің ішкі істер органдарында қызмет атқару жолының бастауында полиция майоры, ардагер Асылбеков Мыңбосын Мелдеханұлы тұр. Ол 1992-2005 жылдар аралығында ішкі істер органдарының сан түрлі салаларында қызмет етіп, өмірінің бір бөлігін ел тыныштығын сақтауға арнады. Еңбек жолын жергілікті полиция қызметі бөлімінен бастап, көші-қон қызметі мен кезекші бөлімде де абыроймен еңбек етті. Әрбір қызметтік міндетін адалдықпен, жоғары жауапкершілікпен атқарғаны үшін бірнеше рет марапатталып, бүгінде құрметті зейнеткер. Оның Отан алдындағы адал қызметі тек кәсіби жол ғана емес, ұрпағына қалдырған өшпес мұрасы болды.

"Отанға қызмет ету – бұл отбасы үшін үлкен құрмет пен міндет" деген қағида Асылбековтер әулеті үшін жай ғана ұран емес, өмірлік құндылық. Бұл сөздің нақты дәлелі – полиция майорының ұлдары да бүгінде әке жолын жалғастырып, құқық қорғау саласында қызмет етіп жүр. Олардың әрқайсысы қоғам тыныштығын сақтау жолында аянбай еңбек етуде:

Полиция капитаны Асылбеков Нұрлан Мыңбосынұлы – Шымкент ҚПД Тұран АПБ жергілікті полиция қызмет бөлімінің учаскелік полиция инспекторы. Ол өз ісіне жауапкершілікпен қарап, қоғамдағы тәртіптің сақталуына үлес қосып жүр.

Полиция аға лейтенанты Мелдеханов Бақытжан Мыңбосынұлы – Шымкент ҚПД Тұран АПБ Жергілікті полиция қызмет бөлімінің учаскелік полиция инспекторы. Ол да ағасымен бірге ел игілігі үшін тер төгуде.

Полиция лейтенанты Мелдеханов ҚасымЖомарт Мыңбосынұлы – Шымкент ҚПД Еңбекші АПБ жергілікті полиция қызмет бөлімінің учаскелік полиция инспекторы. Әке жолын қуып, елдің қауіпсіздігіне қызмет етуде.

Тәртіп сақшысы болу – бұл отбасы үшін жай ғана мамандық емес, бұл – олардың өмір салты, рухани мұрасы. Әкесінен бастау алған бұл адалдық жолы қыз-ұлдарының бойына сіңіп, олардың әрқайсысы өз саласында абыроймен қызмет атқарып келеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру