Ацетилденген апиын дайындау үшін заңсыз сақталған заттар тәркіленді
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Павлодар полицейлері Павлодар қаласының тұрғынын есірткі заттарын дайындау үшін пайдаланылатын заттардың заңсыз айналымымен айналысқан күдіктілерді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
– Тінту іс-шаралары барысында жеке кәсіпкерден ацетилденген апиын дайындау үшін пайдаланылатын салмағы бір тоннадан асатын заттар табылып, тәркіленді. Сараптама тағайындалды, – деді брифингте Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Қуат Түсіпбеков.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 301-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Павлодар қаласының тұрғынына қатысты бұлтартпау шарасы таңдалды – келу міндеттемесі.