Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атты полицейлер Ақтөбе жағажайларындағы тәртіпті бақылайды

Ақтөбе облысының полиция қызметкерлері қауіпті су айдындарында рейд жұмыстарын жүргізеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Оның мақсаты – шомылу маусымы кезінде су айдындарында демалу және қоғамдық орындарында құқық бұзушылықтардың алдын алу және жазатайым оқиғаларды болдырмау.

Атты полицейлердің негізгі міндеті – саяжай массивтері мен көшелерінде тәртіптің сақталуын бақылау. Қызметкерлер атап өткендей, атты полицейдің негізгі тиімділігі оның ұтқырлығы және қарапайым көлік жүре алмайтын жерлерде жүру мүмкіндігі.

– Судағы ересектер мен балалардың мінез-құлқы полиция үшін ерекше алаңдаушылық тудырады. Жыл басынан бері облыстың су айдындарында алты адам суға батып кетті, оның үшеуі – балалар. Судағы жағдайды жақсарту үшін атты полициялер жағажайларды бақылауға шығады. Жергілікті көлдер мен өзендердің жанында 10-ға жуық патрульдеу маршруттары әзірленді, олардың сегізі атты полициясының бақылауында болады. 16 атты полицей жұмысқа жұмылдырылды, – деді ПД ЖПҚБ бастығы Ардана Саймағамбетов.

Осылайша, облыс орталығында іс жүзінде сегіз патрульдеу бағыты жабылады, оның ішінде төрт жұптық атты полицейлер мен бір автопатруль.

Қызмет атқару уақыты сағат 15.00-ден 22.00-ге дейін, Қарғалы және Елек өзендерінің жағасында орналасқан жағажайлар мен саяжай алқаптарын қамтиды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру