Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атты полиция – қоғамдық тәртіптің сенімді сақшысы

Павлодар қаласында патрульдік полицияның кавалериялық бөлімшесі "Учаске" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында саяжай алқаптарын аралап, қоғамдық тәртіпті күзету мен ұрлықтың алдын алу жұмыстарын күшейтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Демалыс аймақтарында ұрлықтың алдын алу және қоғамдық тәртіпті сақтау – Павлодар қаласы полиция басқармасының патрульдік полиция батальоны кавалериялық бөлімшесінің негізгі міндеттерінің бірі.

"Учаске" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында иықтарына погон таққан салт аттылар бау-бақша алқаптарын аралап шықты. Автопатрульдер жете бермейтін қиын бағыттар – олардың бақылауында. Жұмыстың басты бағыты – халықпен тікелей қарым-қатынас орнату. Саяжай иелері, төрағалар мен бағбандар қауымдастығының күзетшілері күдік тудырған бөтен адамдарды немесе қоғамдық тыныштықты бұзған мас азаматтарды байқаған жағдайда қайда жүгіну керегін жақсы біледі. Ат үстіндегі полицейлер мұндай азаматтармен түсіндіру әңгімелерін жүргізеді, ал қажет болған жағдайда патруль шақыртып, құқық бұзушыларды наркологиялық орталыққа жеткізеді, медициналық куәландырудан өткізеді және әкімшілік хаттама толтырады.

Полиция департаменті саяжай иелеріне өз мүлкін қорғау үшін қарапайым қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертеді: құнды заттарды бақшада қалдырмау, сенімді құлыптарды пайдалану және учаскені мүмкіндігінше жиі тексеріп отыру ұсынылады.

Сонымен қатар полицейлер тұрғындарды кез келген заң бұзушылық туралы дереу "102" нөміріне хабарлауға немесе "Police 102" мобильді қосымшасын қолдануға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру