Атырау облыстық ПД бастығы жеке құрамға саптық жиын өткізді
Атырау облыстық ПД бастығы жеке құрамға саптық жиын өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
15 желтоқсан күні Атырау облысы полиция департаментінің бастығы Нұрхат Оразбаев жеке құрамға саптық жиын өткізді.
Облыстың тәртіп сақшылары және Ұлттық ұлан қызметкерлері Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында қоғамдық орындарда қоғамдық тәртіпті сақтау мен алдын алуды күшейтуге, вандализм, мүліктің бүлінуі, ұсақ бұзақылық, сондай-ақ жол қауіпсіздігі саласындағы бұзушылық фактілерін анықтау және жолын кесу мақсатында тәулік бойы күшейтілген режимде қызмет етеді. Сондай-ақ саптық жиын барысында департамент бастығы өз міндеттерін адал атқарып, қызметте үздік шыққан бірқатар қызметкерге ІІМ және Департамент бастығының алғыс хатымен марапаттады.
– Полиция қызметкерлеріне Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Заң мен тәртіп қағидатын, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етудегі тапсырмасын нақты орындау міндеті жүктелген. Осы ретте құқық қорғау қызметкерлері қоғамдық орындарда бақылауды күшейтіп, құқықтық тәртіпті және қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін өзара іс-қимыл жасап, тәулік бойы күшейтілген режимде қызмет етеміз, – деді Атырау облысы полиция департаментінің бастығы Нұрхат Оразбаев.