Атырау облыстық ҚАЖД-ға қарасты мекемеде сотталғандарды қабылдау жүргізілді
Атырау облыстық ҚАЖД-ға қарасты мекемеде сотталғандарды қабылдау жүргізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Атырау облысының прокуроры Бауыржан Жұмақанов және Атырау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы Азамат Изтлеуов облыстық ҚАЖД-ға қарасты № 79 мекемені аралап, онда орналасқан монша, медицинамен қамтамасыз ету бөлімі, сотталған азаматшаларға арналған асхана мен кітапхана және жатын орындарды қарап шықты.
Мекемеде орналасқан өндірістік нысандарды тексеріліп, байланыс құралдары мен бейнебақылау жүйелерімен жабдықталуы зерделенді. Мекемедегі сотталған азаматшаларға қабылдау жүргізілді.
Содан кейін олар сотталған азаматшалардың кешкі тексерісіне қатысып, құқықтық көмек көрсету үшін жеке қабылдау жүргізетіндерін жеткізді. Облыс прокуроры және департамент бастығы ниет білдірген барлық сотталғанды қабылдады. Қойылған сұрақтардың дені түзету мекемелеріндегі жағдайларға, шартты мерзімінен бұрын босатуға және сот қаулыларының заңдылықтарына қатысты болды.