Атырау облысы бойынша ҚАЖД кадрлық құрамы жас мамандармен толықты
Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің жеке құрамы жас мамандармен толықты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шара барысында Атырау облысы бойынша ҚАЖД жас мамандары салтанатты түрде ант қабылдады.
Жас мамандарға Департамент бастығының орынбасары Қайрат Шонаев жұмыс барысын түсіндіре отырып, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.
– Біздің болашағымыз – жастар! Департаментімізге жігерлі жастардың жұмысқа келіп, өз білімдері мен уақыттарын қылмыстық-атқару жүйесі саласын көркейтуге жұмсайтыны қуантады. Сіздерді адал еңбек етуге шақырамын, – деді Қ.Шонаев.