Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырау облысы ПД бастығы үздік деп танылған журналист пен белсенді блогерді марапаттады

Атырау облысы ПД бастығы «Погонды журналист» акциясында үздік деп танылған журналист пен белсенді блогерді марапаттады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

30 желтоқсан күні Атырау облысы Полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев ішкі істер органдарындағы жаңалықтарды жариялап қана қоймай, ІІМ ұйымдастырған «Погонды журналист» акциясында үздік материал дайындаған «Прикаспийская коммуна» газетінің журналисі Светлана Новак пен жол қауіпсіздігі бағытындағы тақырыптарды талқылап, әлеуметтік желіде жол қозғалысындағы жаңашылдықтармен үнемі бөлісіп отыратын белгілі блогер Анара Турегалиевамен кездесті.

Кездесуде журналист Светлана Новактың «Прикаспийская коммуна» газетінде жариялаған «Подполковник Новак или как журналист помог раскрыть преступления» мақаласы үздік деп танылып Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың грамотасымен марапатталды.

Ал жол қауіпсіздігі мен жол қозғалысы саласындағы түйткілді мәселелерді үнемі ойталқысына салып, өзінің азаматтық пікірімен үнемі бөлісіп қоймай, патрульдік полиция қызметкерлерімен бірге рейдтік іс-шараларға да қатысатын блогер Анара Турегалиева ПД бастығының алғыс хатымен марапатталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру