Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырау облысы ПД-да үміткерлерді алғашқы кәсіптік даярлыққа жіберу үшін қабылдау комиссиясы өтті

Атырауда үміткерлерді алғашқы кәсіптік даярлыққа жіберу үшін қабылдау комиссиясы өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

30 шілде күні Атырау облысы полиция департаментінде ішкі істер органдарына алғаш рет қабылданатын үміткерлерді іріктеу және оларды алғашқы кәсіптік даярлыққа жіберу мақсатында қабылдау комиссиясының отырысы өтті.

Іріктеу қорытындысы бойынша үміткерлер полиция департаментінің орта және кіші басшы құрам лауазымдарына тағылымдамадан өтуші ретінде тағайындалып, Ішкі істер министрлігінің ведомстволық оқу орындарына алғашқы кәсіптік даярлыққа жолданады.

Кездесу барысында департамент бастығының орынбасары Руслан Ешманов полиция қызметінің ерекшеліктері мен қызметкерлердің әлеуметтік кепілдіктері туралы ақпарат берді.

Сонымен қатар ол әрбір қызметкердің өз міндеттерін адал атқаруы, қызмет барысында тәртіп пен заңдылықты сақтау, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу және азаматтармен қарым-қатынаста әдептілік пен сыпайылық танытуы қажеттігін атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру