Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырау облысы полиция департаментінде аруларға арналған салтанатты кеш өтті

Атырау облысы полиция департаментінде аруларға арналған салтанатты кеш өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау облысы полиция департаментінде 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай салтанатты іс-шара өтті. Жиынға ішкі істер органдарының ардагерлері, департамент басшылығы және жеке құрам қатысты.

Мерекелік шара барысында Атырау облысы полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Оңал Бекеев қызмет атқарып жүрген әйел қызметкерлерді мерекемен құттықтап, Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Ержан Саденовтың құттықтауын жеткізді.

– Қоғамдық тәртіпті сақтап, ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында аянбай еңбек етіп жүрген әйел қызметкерлердің еңбегі ерекше құрметке лайық. Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, қызметтеріңізге табыс тілеймін, – деді Атырау облысы полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Оңал Бекеев.

Салтанатты жиын барысында қызметтік міндетін адал атқарып, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге үлес қосқан бірқатар әйел қызметкерлер "Құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін" медалімен, "Ішкі істер органдарының үздігі" төсбелгісімен, Ішкі істер министрлігінің алғыс хатымен, облыс әкімінің және департамент бастығының грамоталары мен алғыс хаттарымен марапатталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру