Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырау облысы полиция департаментінде тәлімгерлер кеңесінің кезекті отырысы өтті

Атырау облысы полиция департаментінде тәлімгерлер кеңесінің кезекті отырысы өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау облысы полиция департаментінде тәлімгерлер кеңесінің 2025 жылға арналған жоспары бойынша кезекті отырыс өтті. Кеңес отырысына департамент бастығы Нұрхат Оразбаев төрағалық етті. Алқалы жиынға жас қызметкерлердің кәсіби дағдысын шыңдауға өз үлесін қосу үшін және атқарылатын жұмысты пысықтау мақсатында ішкі істер органдарында ұзақ жыл қызмет атқарған ардагерлер қатысты.

Жиын барысында ПД тәлімгерлер кеңесінің 2025 жылға арналған жұмыс жоспары талқыланды. Сонымен қатар ІІО қызметін жетілдіру жөнінде ұсыныстар тыңдалып, жаңадан қызметке қабылданған жас мамандар мен олардың тәлімгерлерімен жүргізілген жұмыстардың нәтижелері қаралды.

Кеңес мүшелері департамент қызметкерлеріне ұзақ жылғы тәжірибелерімен бөлісіп, қызметтік мәселелерді тиімді шешу және полицияның абыройын арттыру бағытында құнды ақыл-кеңестерін берді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру