Атырау облысында 1300-ден астам құқық бұзушылық анықталды
Атырау облысында 1300-ден астам құқық бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Атырау облысы аумағында балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында 14-23 ақпан аралығында “Балалардың жолдағы қауіпсіздігі” жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.
Іс-шара кезінде 1346 құқық бұзушылық анықталды.
ҚР ӘҚБтК-нің 594-бабы (Жол қиылыстарынан өту қағидаларын бұзу немесе жолдың жүру бөлiгiн кесiп өту) бойынша 46, ҚР ӘҚБтК-нің 600-бабы (Жаяу жүргiншiлердің немесе жол жүрiсiнiң өзге де қатысушыларының жүруiне басымдық бермеу) бойынша-78, ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабы 2-бөлігі (Жол жүрiсi қағидаларында көзделген жолаушыларды және жүктердi тасымалдау, қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау) бойынша 80, оның ішінде балаға арналған креслоларды пайдаланбаудың 21 оқиғасы, ҚР ӘҚБтК-нің 615-бабына (Жаяу жүргiншiлердiң және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларын бұзуы) сәйкес-214, ҚР ӘҚБтК-нің 597-бабы (Көлiк құралдарын тоқтату немесе тоқтап тұру қағидаларын бұзу) бойынша 63 факті тіркелді.
Ювеналды полиция тобының инспекторлары патрульдік полицейлермен бірігіп, жаяу жүргіншілер жолағына шығып, жасөспірім балаларға жол ережелерін сақтау және жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді, мектепте және мектепке дейінгі ұйымдарда дәріс өткізді.