Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырау облысында 1300-ден астам жүргізуші жауапқа тартылды

Аялдау және тоқтап тұру қағидаларын сақтамаған 1300-ден астам жүргізуші жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қала аумағында жолда жүру ережесін бұзушылар арасында жиі кездесетіні ол – аялдау және тоқтап тұру ережелерін сақтамау оқиғалары. 
Осындай құқық бұзушылықтарға жол берген көлік жүргізушілері жолдың жүріс бөлігінде, жаяу жүргіншілер өткелдері мен аялдама алаңдарында аялдап, аулаларға кіріп-шығуға және тротуарлар үстінде тұрақтап, жол қозғалысының өзге қатысушының қозғалысына кедергі келтіріп, көптеген наразылық тудырады.

Мысалы, 9 қыркүйек күні сағат 20:10 шамасында Жедел жәрдем қызметкері Атырау облыстық ауруханасының ауласында «Toyota Camry» автокөлігінің жүргізушісі аялдау ережелерін бұзып, ауыр халдегі науқасты жеткізіп тұрған жедел жәрдем көлігінің қозғалысына кедергі келтіргені жөнінде шағымданды. Аталған шағым негізінде патрульдік полиция батальонының қызметкерлері тексеру нәтижесінде 26 жастағы көлік жүргізушісін анықтап, ҚР ӘҚБтК-нің 597-бабының 3-бөлімімен (Жол қозғалысының өзге қатысушыларының қозғалысына кедергі келтіруге әкеліп соққан аялдау және тоқтап тұру ережелерін бұзу) әкімшілік хаттама жасақталып, 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды.

Айта кетейік, жыл басынан бері аялдау және тоқтап тұру ережелерін сақтамаған 1300-ден астам жүргізуші анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру