Атырау облысында 16 жаңа жағажай жабдықталады
Онымен қоса, баспасөз конференциясында балалардың терезеден құлау тақырыбы да қозғалды. Атырау облысында жыл басынан бері бір жағдай тіркелгендігі айтылды. Ағымдағы жылдың 8 мамырында Атырау облысының Жылыой ауданында ата-анасының қарауынсыз қалған 2017 жылы туылған бала төртінші қабаттағы терезеден құлау салдарынан жарақат алды, қазіргі уақытта баланың жағдайы тұрақты. Терезеден құлау салдарынан балалардың жарақаттануы мен өлімінің негізгі себептері ата-аналардың немқұрайлылығы мен жауапсыздығы болып табылады.