Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырау облысында 18 дана киік мүйізін заңсыз сақтаған күдікті ұсталды

Атырау облысында 18 дана киік мүйізін заңсыз сақтаған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

1 наурыз күні Құрманғазы ауданы Полиция бөлімінің қызметкерлері «Браконьер» жедел-профилактикалық шараларын жүргізу барысында 18 дана киік мүйізі, 16 калибрлі ИЖ мылтығын және жеті оқ дәрі сақтаған 1998 жылы туған аудан тұрғынын анықтады.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 339-бабы 1-бөлігі сiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру