Атырау облысында абаттандыру қағидасын бұзудың 500-ден астам дерегі анықталды
Атырау облысында абаттандыру қағидасын бұзудың 500-ден астам дерегі анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
15 сәуірден бастап Атырау облысы аумағында ортақ пайдалану орындарын ластау, абаттандыру қағидаларын бұзу, стихиялық қоқыс орындарын және олардың пайда болу көздерін анықтау және алдын алу мақсатында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы өткізіліп жатыр.
Іс-шара барысында полиция қызметкерлері еріктілермен бірлесіп, қоқыс орындарын және оның пайда болу көздерінің алдын алу бойынша профилактикалық, түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Іс-шара басталғалы ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы, яғни, қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдірудің 543 дерегі анықталып, әкімшілік хаттама жасақталды.