Атырау облысында балық аулау ережесін бұзған 74 факті тіркелді
Атырау облысында балық аулау ережесін бұзған 74 факті тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz
Атырау облысы аумағында 10 қыркүйек пен 31 қазан аралығында «Бекіре-2022» жедел-профилактикалық іс-шарасының күзгі кезеңі өткізілуде. Аталған іс-шарада жергілікті полиция, тергеу, криминалдық басқармаларымен және балық қорына қол сұғушылыққа қарсы күрес бөлімдері жұмыс жасауда. Іс-шараны өткізу барысында заң бұзушылықтар анықталып, заңды шешімдерді уақытылы қабылдау бақылауға алынды.
Іс-шараның 10 күнімен заңсыз балық қорының айналымымен байланысты 77 құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде 74 факті балық аулау ережелерін бұзумен, 3 заңсыз балық және балық өнімдерін тасымалдау және әкету фактілерімен анықталып отыр. Барлығы 77 құқық бұзушы ұсталып, олардан 199 келі балық, оның ішінде 74 балық аулау тәркіленді.
Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 383-бабымен жауапкершілікке 74 адам тартылды, оның ішінде бір тұлғаға қатысты жинақталған құжат сотқа жолданды.
Сонымен қатар, Атырау облыстық Жайық-Каспий облыс аралық балық шаруашылығы инспекциясына заңсыз қара балықты және оның өнімдерін тасымалдау және әкету бойынша 3 құжат жолданып, олардан 4 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.