Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырау облысында бір аптада ЖҚЕ бұзудың 4 мыңға жуық фактісі тіркелді

Атырау облысында бір аптада ЖҚЕ бұзудың 4 мыңға жуық фактісі тіркелді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырауда жол-көлік оқиғаларын болдырмау, сондай-ақ жол жүрісі қағидаларын бұзудың алдын алу мақсатында 8-17 қараша аралығында облыс көлемінде "Қауіпсіз жол" жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.

Іс-шараның 7 күнінде​ жолда жүру ережесін бұзудың 3 790 дерегі анықталды. Оның ішінде:
белгіленген жылдамдық мөлшерін арттырудың - 582, көлік құралын пайдалану кезінде ұялы телефонмен сөйлесудің - 236, қауіпсіздік белдігін пайдалану ережесін бұзудың - 549, алкогольді масаң күйде көлік құралын басқарудың - 39, жаяу жүргіншіге жол бермеудің - 109, құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлiк құралын басқаруы - 278, маневр қағидасын бұзған - 255,
жаяу жүргiншiлердiң және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларының талаптарын орындамауы - 370, бағдаршамның тыйым салатын сигналына немесе реттеушiнiң тыйым салатын қимылына қарамай өту - 60, мемлекеттiк немесе мiндеттi техникалық қарап-тексеруден өтпеген көлiк құралын басқару - 321, тиiстi рұқсатсыз қайта жабдықталған көлiк құралын басқару - 61, көлiк құралын басқару құқығынан айрылған жүргiзушiнiң көлiк құралын басқаруы - 13 жүргізушілерге хаттама толтырылып, айыптылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Арнайы тұраққа 105 автокөлік қойылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру