Атырау облысында биыл 60-тан астам граффити өшірілді
Атырау облысында биыл 60-тан астам граффити-жазулары жойылды, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Атырау облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы Атырау облысының Ішкі саясат басқармасы және “Тәуелсіз өмір” жастар қозғалысымен бірлесіп, қала аумағында есірткі құралдарын жарнамалау жүзеге асырылатын сайттарға сілтемелері бар тыйым салынған жазуларды бояу бойынша кезекті рейдтік жұмысын жүргізді. Іс-шараның басты мақсаты – есірткі құралдары мен психотроптық заттардың насихатталуына жол бермеу, қоғамдық орындардың тазалығын сақтау және құқық бұзушылықтың алдын алу. Рейд барысында есірткі жарнамасы бар 10-нан астам граффити анықталды.
Айта кетейік, жыл басынан бірлескен іс-шаралар нәтижесінде есірткі туралы заңсыз жарнамасы бар 60-тан аса граффити жойылды.
Осы ретте, полицейлер есірткі заттарының граффити жарнамасына куә болған адамдардан “102” операторына немесе 98-21-55 (Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы), 27-03-92 (Облыс әкімдігінің білім басқармасы) сенім телефондары арқылы дереу хабарлауды сұрайды.